«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі 2024 жылғы 1 қарашадағы ұсынысы бойынша енгізілді.

Жобаның қабылдаудың мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, тас көмір мен астыққа баға мәселесін реттеу, сауда үстемесінен асып кету тәуекелдерін белгілеу және бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты күшейту болып табылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мәселесі бүгінгі күні Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр, осыған байланысты осы Пилот шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын, сондай-ақ тиімділігін ескере отырып, пилотты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуы енгізіледі.

Бұйрық жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Жоба 2024 жылғы 27 қарашада мемлекеттік органдардың
интернет-ресурсының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15313927) орналастырылған.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы
11 желтоқсанға дейін.