«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылдың 8 қарашадағы № 758 бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 758 бұйрығымен және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 8 қарашадағы № 14-НҚ нормативтік қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 бірлескен бұйрығына және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ «Мемлекеттік кірістер органдарының кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз салық құпиясын құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтердің тізбесін уәкілетті сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» нормативтік қаулысына электрондық шот-фактураларда қамтылған мәліметтерді ұсыну бөлігін толықтырулар енгізілді (бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді).

Бұйрық 2024 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті.