Ғылыми қызмет бойынша КТС салық салу мәселелері жөніндегі салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен әзірленген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 254, 288, 290-баптарына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аталған заңға сәйкес Салық кодексінің келесі баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген:
- Салық кодексінің 254-бабы (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) бойынша шегерімдер):
- тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға (сатып алуға) және зерттеу университеттерінде ғылыми орталықтар құруға арналған шегерімдерді кеңейту;
- ҒЗТКЖ шығындарын растайтын құжаттардың толық тізбесін белгілеу;
- ҒЗТКЖ шығындарын Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) хабарламасы болған жағдайда шегерімдерге жатқызу;
- зерттеу университеттерінде ғылыми орталықтар құруды қаржыландыруды ҒЗТКЖ бойынша шегерім деп тану.
- Салық кодексінің 288-бабы (салық салынатын табысты азайту):
-төмендегідей шығындар сомасының 50 %-ы мөлшерінде салық салынатын
табысты азайту:
Салық кодексінің 254-бабында көрсетілген ҒЗТКЖ бойынша, өнеркәсіптік меншік объектісін жасауға байланысты ҒЗТКЖ;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап-компаниялардан зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алу.
- Салық кодексінің 290-бабы:
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің әлеуметтік саладағы қызметтен 90% табыс алу шартын орындау үшін КТС бойынша босатуға арналған жеңілдіктерді қолданған кезде ғылыми орталықтар құруды қаржыландыру сомасын негізгі қызметтен түсетін табысқа қосу қарастырылған.
Осы өзгерістерді Салық кодексіне дұрыс қолдану мақсатында «Ғылым туралы» заңға енгізілген түзетулерде «ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша хабарлама», «ғылыми орталық құру туралы хабарлама», «ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша хабарлама» сияқты жаңа ұғымдар енгізілді.
Сондай-ақ, көрсетілген хабарламаларды ұсыну бойынша уәкілетті органның (ҒЖБМ) құзыреті белгіленді.