«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Түзету Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 6 маусымдағы «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің мемлекеттік аудиті» аудиторлық қорытындысының ұсынымын орындау үшін әзірледі.

Бұйрық жобасы іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасын қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жобаны қабылдаудың мақсаты тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) берушіден бюджетке түспеуді болдырмау және тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) берушілердің есептелген ҚҚС сомаларын нақты төлеуі болмаған кезде қайтаруға ҚҚС сомаларын растау бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде тексерілетін салық төлеушіге бюджеттен ҚҚС қайтару, атап айтқанда:

- салық міндеттемелерін орындау мерзімдері өзгерген кезде;

- тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер салық есептілігінің қосымша нысандарын берген кезде.

Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернетпорталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15297977) 2024 жылғы 19 қарашасында орналастырылған

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 3 желтоқсанға дейін.