«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірледі.

Бұйрық жобасы іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасын қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің   2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1290 бұйрығының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты 2025-2026 жылдарға арналған Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту болып табылады.

Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15267413) 2024 жылғы 1 қарашада орналастырылған.

Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2024 жылғы 15 қарашаға дейін.