«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жобаның мақсаты Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 Шешіміне қосымшасының күші «Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифын бекіту туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің кейбір шешімдерін өзгерту және күшін жою туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімімен жойылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкестендіру бөлігінде өзектендіру болып табылады.
Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15220393 орналастырылған.