«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 136 және 137-бабына сәйкес әзірленді, ол тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін және тәуекелді айқындау өлшемшарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы  14 шілдедегі № 589 қаулысымен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы   іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру (күшін жою) және анық емес салық есептілігін беру фактілерінің жолын кесу мақсатында тәуекелді салық төлеушілерді биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып камералдық бақылауды жетілдіру айқындалған    5-тармағын іске асыра отырып айқындады.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 21 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15244784) орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылдың 5 қарашасына дейін.