«Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 248 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына Баспасөз хабарламасы

Түзетулер кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою процестерін жетілдіру, ескірген, қарама-қайшы келетін және сыбайлас жемқорлық нормаларын, құқық нормаларының олқылықтарын болдырмау, сондай-ақ кідіртілген тауарларды өткізу жөніндегі уәкілетті ұйыммен қағазсыз құжат айналымына көшу мақсатында әзірленді.
Сондай-ақ редакциялық сипаттағы түзетулер және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң техникасы бойынша түзетулер енгізіледі.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 17 қазандағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15240456 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 1 қарашадағы дейін.