«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 5-тармағы 669-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту бойынша этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретін белгілеуге байланысты Қағидалардың атауын өзектіндіру болып табылады.
Жоба 2024 жылғы 10 қазанда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15229749) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында орналастырылған.
Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 25 қазанға дейін.