«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Бұйрық экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының 13 тамыздағы хаттамасының 7 тармағын орындау мақсатында әзірленді 2024 жылғы №б/н Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н.Байбазаровтың төрағалығымен.
Жоба 13 тамыздағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысы хаттамасының 7 тармағын орындау мақсатында әзірленді 2024 жылғы №б/н Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Н.Байбазаровтың төрағалығымен (бұдан әрі – хаттама).
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.
Жобаның мақсаты Хаттаманың 7-тармағын орындау, сондай-ақ этил спиртінің экспортын дамыту болып табылады.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 35176 болып тіркелген және олар алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.