«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 04 қазандағы № 666 бұйрығы бойынша Баспасөз хабарламасы

Осымен «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 04 қазандағы № 666 бұйрығы (бұдан әрі - бұйрық) орналастырылғаны туралы азаматтардың назарына жеткіземіз.
Бұйрық «Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы №511 бұйрығының қабылдануына байланысты «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 07 қазандағы №35215 болып тіркелді.