«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (Астана қаласы бойынша МКД «Сарайшық» ауданы бойынша МКБ құрылуы туралы)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) «Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 181/22-VІII және Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 01-1763 бірлескен шешіміне және қаулысына, сондай-ақ «Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 511-2067 және Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 184-23/VIII бірлескен қаулысына және шешіміне сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Сарайшық» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын құру болып табылады.
Қаулының жобасы 2024 жылғы 8 қазанда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15226252 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Қаулының жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 22 қазанға дейін.