««Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі №626 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен ««Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 13 қыркүйектегі №626 бұйрығы әзірледі (бұдан әрі – Бұйрық).
Бұйрық:
1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 9-бабы 13) тармақшасына сәйкес;
2) қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына негізделген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2024 жылғы 2 шілдедегі №95-ө Өкімімен бекітілген Құқықтық актілер тізбесінің 29-тармағын орындау үшін әзірленді.
Бұйрықтың мақсаты борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін Заңның 48-бабына сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрықты іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Бұл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 35091 болып тіркелген және алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.