«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №595 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2024 жылғы 29 тамыздағы №595 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

         Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ««Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы
29 тамыздағы №595 бұйрығы әзірледі (бұдан әрі – Бұйрық).

        Бұйрық:

       1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 1-бабы 13) тармақшасына сәйкес;

       2) қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына негізделген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
       2024 жылғы 2 шілдедегі №95-ө Өкімімен бекітілген Құқықтық актілер тізбесінің 29-тармағын орындау үшін әзірленді.

       Бұйрықтың мақсаты борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін Заңның 2- тарауына сәйкес келтіру болып табылады.

       Бұйрықты іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

       Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

      Бұл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 35014 болып тіркелген және алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.