«Кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №590 Бұйрығына Баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №590 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) әзірленді.
Кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекіту «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-1) тармақшасымен (2024 жылғы 19 маусымдағы редакцияда) көзделген.
Бұйрықтың мақсаты кредиторлар талаптарының тізілімін құру кезінде бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету үшін, оның нысанын бекіту болып табылады. Бұл норма азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы рәсімдерінде кредиторлар және борышкер талаптарын қорғау үшін іске асырылады.
Бұйрық іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.
Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2024 жылғы 29 тамыздағы № 35004 болып тіркелген және алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.