«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары бекітілген.
Жобаны әзірлеу өндірілген этил спиртінің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында жүзеге асырылды.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Іске асырудың мақсаты өндірілген этил спиртінің экспорттық әлеуетін дамыту және этил спиртін тасымалдауды оңайлату болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15169370 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан.