«Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы  № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылуына байланысты жүргізілген құқықтық мониторинг шеңберінде әзірленді.

Осыған байланысты, «Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы   20 ақпандағы №244 бұйрығымен бекітілген Төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларының 32-тармағына артық (қате) төленген сомаларды есептен шығарудың бекітілген актісінің көшірмелері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығында көзделген талаптарға сәйкес мемлекеттік кірістер органында сақталады.

Сонымен қатар, Бұйрық жобасында тыныс белгілері мен емле қателерін жоюға бағытталған редакциялық өзгерістер енгізілді.

Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 4 қыркүйекте орналастырылды https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15191970.

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2024 жылғы 18 қыркүйекке дейін.