«Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 23 тамыздағы № 568 бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Бұйрықта Пилоттық жобаға қатысушы ірі (мониторингте тұрмайтын) және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі кеңейтілді.
Бұйрық ынтымақтастық, негізделген сенім, заңдылық, ашықтық, кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделген мемлекеттік кірістер органдары мен кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпарат, құжаттар алмасуды көздейді.
Енгізілген жаңалықтар:
Бизнес – салықтық тексерулерсіз жол берілген бұзушылықтарды алдын ала жоюға;
Мемлекеттер – бұзушылықтарды алдын ала анықтауды және бюджет шығынының тәуекелдерін барынша азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 тамызда № 34973 болып мемлекеттік тіркеуден өтті.
Аталған бұйрық 2024 жылғы 8 қыркүйекте күшіне енеді.