«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарына салықтық құпияны құрайтын салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленді.
Жоба Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамамен уәкілетті органға жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленген. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдары салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді. Салықтық құпияны құрайтын, ұсынылатын мәліметтердің тәртібі мен тізбесі уәкілетті органмен бірлескен актілерде белгіленеді.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Аталған бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында 2024 жылдың 21 тамызында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15176916 орналасқан.
Бұйрық жобасының қоғамдық талқылаудың мерзімі – 2024 жылдың 5 қыркүйегіне дейін.