«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығының жобасына Баспасөз хабарламасы

«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығының жобасына Баспасөз хабарламасы

«Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру мақсатында «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» («Цифрлық ҚҚС») Мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығының жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодекс) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы сәйкес әзірленді.

 Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында бюджет қаражатын нысаналы жұмсау, сондай-ақ цифрлық теңгені пайдалана отырып мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша бірқатар пилоттық жобаларды іске асыруда.

Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қосымша ұлттық валютаның жаңа нысаны ғана емес, сонымен қатар тауарларды қадағалауды қамтамасыз ететін қаржы ағынын бақылау құралы болып табылады.

Сондай-ақ «Цифрлық ҚҚС» цифрлық теңгені пайдалана отырып, асып кеткен қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) қайтаруды жетілдіру және жаңғырту жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу ұсынылады.

«Цифрлық ҚҚС» жобасы шеңберінде электрондық шот-фактуралар негізінде ҚҚС сомасына екінші деңгейдегі банктерде пилотқа қатысатын салық төлеушілердің шоттарында цифрлық теңгені таңбалау жоспарлануда.

Салық төлеушілер ерікті түрде қатыса алады.

Экспорттаушылардан бастап өз өндірісінің тауарын өндірушілерге немесе тауарлар импортталған жағдайда импорттаушыларға дейінгі цифрлық төлемдер таңбалауға жатады.

Салық төлеушінің-өнім берушінің цифрлық шотындағы «таңбаланған» ҚҚС екінші деңгейдегі банктегі немесе республикалық бюджеттегі салық төлеушінің цифрлық шотына аударылады.

Мұндай таңбалау ҚҚС-тың герметикалығын қамтамасыз етеді, бұл ҚҚС-тың кетуі жөніндегі схемаларды жоюға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде салықтық тексеру жүргізбестен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ҚҚС асып кетуін жеделдетіп қайтаруды қамтамасыз етеді.

Пилотты 2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру ұсынылады.

Бірлескен бұйрық жобасының мақсаты «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттік қызметін көрсету бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру болып табылады.

Жоба 2024 жылғы 16 тамызда ашық нормативтік құқықтық  актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15171169) орналастырылған.

Жобаны жария талқылау мерзімі – 2024 жылғы 2 қыркүйекке дейін.