«Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 757 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 757 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы (бұдан әрі – бұйрықтың) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-36) тармақшасына сәйкес әзірленді, оған сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекітеді.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты кейбір ақпарат көздерінің ескіруіне және бағаның ағымдағы нарықтық жағдайында көрсетілетін жаңа ақпарат көздерінің анықталуына байланысты Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін өзектендіру болып табылады. ЕАЭО СӘҚ БТН кодтарын, тауарлар мен көздер мен баспагелердің атауларын өзектендіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы
25 шілдеде № 34812 болып мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.