Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына оның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 және «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2024 жылғы 18 қарашадағы ұсынысы бойынша енгізілді.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазылып берілетін тауарлардың тізбесін кеңейту, сондай-ақ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу бойынша міндеттемелерді енгізу арқылы синтетикалық есірткілерді дайындау кезінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлар мен басқа да химиялық заттардың айналымына бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету болып табылады.

Бұйрық жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Жоба 2025 жылғы 11 сәуірдегі мемлекеттік органдардың
интернет-ресурсының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15512150) орналастырылған.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы 28 сәуірге дейін.