Баспасөз хабарламасы «Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 84 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) редакциялық өзгерістер жолымен нормаларға айқындық енгізу, сондай-ақ «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңның (бұдан әрі-Заң) 5-1-бабына сәйкес өзектендіру мақсатында енгізіледі.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 35750 болып тіркелді.
Көрсетілген бұйрыққа сәйкес өтініш беру әдістеріне қатысты өзгерістер енгізілді. Жаңа нормалар электрондық нысанға басымдық белгілейді және бұйрық нормаларына айқындық енгізу үшін редакциялық өзгерістер енгізеді.