«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Түзетулер «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 502-бабының 4-тармағына сәйкес, уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалар иелерінің кедендік бақылаудағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ уақытша сақтау қоймалары иелерінің уақытша сақтау қоймаларының ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Бұйрықтың жобасы 2025 жылдың 13 наурызында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15487629 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2025 жылғы
2 сәуірге дейін.