«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 33 бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Бұйрықтың қабылдаудың мақсаты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1290 бұйрығының 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты «Ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21995 болып тіркелген) жоюға қою болып табылады.
Бұйрық іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Бұйрықтың қабылдауы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 35665 болып тіркелген және олар алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.