Баспасөз хабарламасы «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 50 бұйрығына

Баспасөз хабарламасы «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын  беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 50 бұйрығына

Бұйрық «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 669-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрықтың мақсаты Өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту бойынша этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыретін белгілеуге байланысты қолданыстағы Қағидаларды өзектендіру болып табылады.

Бұйрық іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 3 ақпандағы
№ 35697 болып тіркелген және олар алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.