Қаржы Министрінің бұйрығының жобасына «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Баспасөз хабарламасы

Қаржы Министрінің бұйрығының жобасына  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Баспасөз  хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы
1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарын «Оңалту және банкроттық туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру болып табылады.   

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық Жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15428278) 2025 жылғы

4 ақпанда орналастырылған.

Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2025 жылғы 18 ақпанға дейін.