«Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 26 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Н. Байбазаровтың Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлсіз алкогольді ішімдіктер өндіру желісінде алкогольсіз сусындар өндіруге қатысты хатына берген 2024 жылғы 16 шілдедегі № 12-18/3548 тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ алкогольсіз сусындар өндірушілерге өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары, әлсіз алкогольді ішімдіктер өндірісінің бір технологиялық желсін пайдалану бойынша мүмкіндік беру бөлігінде, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары
Е.Е. Есенеевтің төрағалығымен өткен әлсіз алкогольді ішімдіктер өндіру желісінде алкогольсіз сусындар өндіру мүмкіндігі мәселесі жөніндегі кеңестің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 28 хаттамасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қаңтарда № 35652 мемлекеттік тіркеуден өтті.