«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 13 қантардағы № 11 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімдері («такс фри» пилоттық жобасы)» салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру, экономикалық әсерді бағалау мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және «такс фри» пилоттық жобасын іске асыру тәртібін және мерзімін айқындайды.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қантардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекітуді көздейді.

Пилоттық жобаны іске асыру мерзімін ұзарту келу туризмін дамытуды толық тестілеумен және шетелдік туристерді тарту арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің айналымын арттырумен байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ұсынысына сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру мерзімін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту қажеттігі (2024 жылғы 29 қазандағы № 15-04-17/1980-I хат).

Бұйрықты қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 қантардағы № 35640 болып мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.