«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 32 бұйрығына баспасөз хабарламасы

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды және электрондық шот-фактураларды жазып беру кезінде биометриялық сәйкестендіруден өту саны күнтізбелік ай ішінде 7 (жеті) еседен 3 (үш) есеге дейін төмендеді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қаңтарда № 35666 болып тіркелді.