«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 895 бұйрығының баспасөз хабарламасы

«Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 895 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) редакциялық өзгерістер жолымен нормаларға айқындық енгізу, сондай-ақ «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңның (бұдан әрі-Заң) 6-бабына сәйкес өзектендіру мақсатында енгізіледі.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35591 болып тіркелді.
Көрсетілген бұйрыққа сәйкес Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларының 2, 3 және 7-тармақтарына өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістер Заңның 6-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес нормаларды оңайлатуға және айқындық енгізуге, сондай-ақ «тауарлар (жұмыстар, қызметтер)» деген сөздерді алып тастауға бағытталған редакциялық түзетулерді көздейді.