2026 жылғы маусым айының МКК оқиғалар қатарының дайджесті
2026 жылғы маусым айындағы МКК-нің негізгі іс-шараларына шолу
Маусым айы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, кеден саласындағы өзара іс-қимылды дамыту және бизнес пен азаматтармен ашық диалогты жалғастыру кезеңі болды. Осы айда Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды, ЕАЭО және ТМД елдерінің кеден қызметтері арасында халықаралық кездесулер өтті, сондай-ақ өңір тұрғындары мен бизнес өкілдерімен ашық кездесулер ұйымдастырылды.
- Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің кеден қызметтері біріккен алқасының 54-отырысы өтті.
- Ақмола облысында ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 82-отырысы өтті.
- Өскемен қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен ашық кездесуі өтті.
- Петропавл қаласында «Халық бухгалтері – 2026: бизнес пен МКК ашық диалог» атты семинар өтті.
- Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды.