Меню

Страницы

Статья

Көшпелі және камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жолдау немесе тапсыру және жазбаша қарсылықтарды қарау жөніндегі қағидаларға өзгерістер енгізілді

      ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 417-бабының 9-1-тармағына және 418-бабының 20-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізді. Құжат Кеден кодексінің нормаларын іске асыруға бағытталған және кедендік тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен тексерілетін тұлғалар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін анықтайды.

      Ережелер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және кедендік тексеру рәсімдерін бизнес үшін ашық әрі ыңғайлы етеді. Кедендік тексерудің алдын ала актін табыс ету шарттары, жазбаша қарсылықтарды беру және оларды қарау тәртібі айқындалды.

     Кедендік тексерулер бойынша негізгі өзгерістер:

  • Тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылықты ұсыну және оны қарау мерзімдері реттелді (қарсылықты беру және оны қарау мерзімдері алдын ала тексеру актісін алғаннан және қарсылық тиісінше келіп түскеннен кейін келесі күннен басталатын болады). Бұрын мерзімдер алдын ала тексеру актісін алған және қарсылық түскен күннен бастап есептелді.
  • Жазбаша қарсылықты қарау мерзімдері қайта басталған кезде тексерілетін адамды хабардар ету. Мұндай қайта бастау туралы ақпарат 2 жұмыс күні ішінде жіберіледі.
  • Тексерілетін тұлға шешім қабылдаған кезде бұрын берілген жазбаша қарсылықты қайтарып ала алады.
  • Салық кодексі 144-бабының 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын және инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасқан тексерілетін тұлғалар қарсылықтарын Мемлекеттік кірістер комитет қарайды.

     Өзгерістердің түпкі мақсаты – аудит процедурасын түсінікті, икемді ету және мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы ашық диалогқа бағытталған.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Информация
14 октября 2026
Внедрение маркировки и прослеживаемость алкогольной продукции
Информация
14 октября 2026
Проведен очный семинар на тему: «Практический опыт по определению и выявлению контрафактной продукции»
Полезная информация
14 октября 2026
Контроль таможенной стоимости: в каких случаях проводится проверка документов и сведений

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы