1. Тауарлар экспорты болып не табылады?
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады.
2. Тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға қандай мөлшерлеме бойынша салық салынады?
Салық кодексінің 394-бабында көзделген тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде ҚҚС қандай мөлшерлемесі қолданылады?
Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
4. ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға кім құқылы?
ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияларды ұсынған және ҚҚС бойынша декларацияны ұсыну күніне салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ мынадай:
1) кемінде қатарынан он екі ай салықтық мониторингте тұрған ҚҚС төлеушілердің;
2) тізбесін уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін өз өндірісінің тауарларын өндірушілердің ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
5. ҚҚС асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қай мерзімде (қанша уақытта) жүргізіледі?
ҚҚС асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін Салық кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды жеткізушілерге ҚҚС артуын қайтару қандай тауарлар бөлігінде жүргізіледі?
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды өнім берушілерге ҚҚС асып кетуін қайтару арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.
7. Халықаралық автомобиль қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдарды растайтын құжат не болып табылады?
Халықаралық автомобиль қатынасында жүктерді тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдарды растайтын құжат тауар көлік жүкқұжаты болып табылады
8. Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға қандай мөлшерлемеде салық салынады?
Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
9. Қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кетуі, қандай салық бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады?
Қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кетуі, ҚҚС бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады
10. ҚҚС асып кету сомасын қайтару үшін негіз болып не табылады?
Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісі, салықтық тексеру актісіне қорытынды ҚҚС асып кету сомасын қайтару үшін негіз болып табылады
11. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру қандай салық төлеушіге қатысты жүргізіледі?
ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру:
Салық кодексінің 432-бабы 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты салықтық өтінішті;
ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.
12. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізу ұғымы
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге, әрбір тоқсанда бір реттен сиретпей кезекті үш салықтық кезең ішінде жүзеге асырылатын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жатады. Бұл ретте көрсетілген әрбір салықтық кезеңдегі осындай өткізу тұрақты өткізу деп танылады.
13. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері қалай айқындалады?
Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер Салық кодексінің 443 бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
14. Тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда Салық кодексінің 152 бап 12 тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері қанлдай салық төлеушілерге қолданылмайды?
Салық кодексінің 152 бап 12 тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай:
ҚҚС асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің 20 пайыздан кем емес орташа коэффициентіне ие;
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.