түсіндіру

ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МЕН СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар әкелетін тауарлардың кедендік құнын әкімшілендіруге қатысты өтініштерін ескере отырып, мынадай мәселелерді түсіндіруді қажет деп санайды.

 

  1. Тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау мәселелерін қандай заңнамалық актілер реттейді?

Тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау мәселелерін реттейтін негізгі құжаттар: ЕАЭО Кеден кодексі, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері туралы" ЕЭК Алқасының 27.03.2018 ж. №42 шешімі (бұдан әрі – №42 шешім).

  1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын растау үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Әкелінетін тауарлардың мәлімделген кедендік құнын растау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі №42 шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері туралы ереженің 8-тармағында регламенттелген.

Мысалы, мұндай құжаттарға мыналар жатады:

сыртқы экономикалық шарт;

шот-фактура;

әкелінетін тауарларды тасымалдау туралы құжаттар мен мәліметтер (егер жеткізу, тасымалдау және сақтандыру шарттары бойынша тауардың бағасына енгізілмесе);

өндірушінің прейс-парағы, оның коммерциялық ұсыныстары;

тауарларды жөнелту елінің кедендік декларациясы (егер тауарларды жөнелту елінде осындай кедендік декларацияны толтыру көзделсе);

сатушыға ақша аударуға өтініш.

Бұдан басқа, декларант әкелінетін тауарларды өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысы бар өзге де құжаттар мен мәліметтерді ұсына алады.

Кеден органы сұратқан құжатты ұсыну мүмкін болмаған не жоқ болған жағдайда декларант ұсынбау себептеріне түсіндірмелер ұсынуға тиіс.

Бұл ретте, КЕДЕН АЖ арқылы кедендік декларацияны беру кезінде жоғарыда аталған құжаттар декларацияның 44-бағанында оларды кедендік декларацияға тіркеместен көрсетіледі. Құжаттар КЕДЕН АЖ арқылы ресми сұрау салынған жағдайда кеден органына ұсынылады.

 

  1. Кеден органы кедендік құны бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру кезінде құжаттарды қанша рет сұрата алады?

ЕАЭО КК-нің 325-бабына сәйкес декларантқа сұрау салулар жіберудің жағдайлары мен себептері айқындалды:

1) №1 сұрау салу (ЕАЭО КК 325-бабының 1-тармағы): егер кедендік декларацияны беру құжаттарды ұсынумен қатар жүрмесе;

2) №2 сұрау салу (ЕАЭО КК 325-бабының 4-тармағы):

- егер ТД беру кезінде немесе №1 сұрау салу бойынша ұсынылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаса немесе мәлімделген мәліметтерді тиісті түрде растамаса;

- егер кеден заңнамасын сақтамау, оның ішінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің анық болмау белгілері анықталса;

3) №3 сұрау салу (ЕАЭО КК 325-бабының 15-тармағы): егер ұсынылған тиісті құжаттар мен мәліметтер не құжаттарды ұсынбау себептерінің түсіндірмелері құжаттар мен мәліметтерді тексеруді (бұдан әрі – ҚМТ) жүргізу үшін, кедендік декларацияда мәлімделген тексерілетін мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын анықтау үшін негіздерді жоймаса.

Жоғарыда аталған сұрау салулардың әрқайсысы декларантқа тек бір рет жіберілуі мүмкін.

Бұл ретте, осындай құжаттардың және (немесе) мәліметтердің сұрау салуында: (1) тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтердің және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтердің тиісті түрде расталмағанын не дәйексіз болып табылуы мүмкін екенін көрсететін белгілердің тізбесі, (2) сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесі, (3) осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді ұсыну мерзімдері қамтылуы тиіс.

 

  1. Әкелінетін тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету үшін қандай негіздер бар?

1.Кедендік құнды айқындау әдісін дұрыс таңдамау

2.Кедендік құнды құжаттамалық растаудың болмауы

3.Кедендік құн құрылымын бұзу.

 

  1. Әкелінетін тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету себептерін қандай құжаттан көруге болады?

Тауарлардың кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдаған кезде кеден органы міндетті түрде мынадай құжаттардың бланкілерін толтыруға тиіс:

1) тауарлар шығарылғанға дейін ТД-да мәлімделген мәліметтерге (тауарлар шығарылғанға дейін кедендік құнын түзету кезінде) өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап.

2) тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім (шығарылғаннан кейін кедендік құнды түзету кезінде).

 

  1. ЕАЭО КК 325-бабы шеңберінде ҚМТ жүргізу кезінде құжаттарды ұсыну мерзімі

Кеден органы сұратқан және ЕАЭО КК 325-бабының 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылмаған құжаттар мен мәліметтерді кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау үшін декларант тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік декларация тіркелген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспайтын мерзімде ұсынуы мүмкін.

 

  1. ЕАЭО КК 325-бабы шеңберінде ҚМТ жүргізу мерзімдері

Кеден органы кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді сұрау салынған құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, ал егер мұндай құжаттар және (немесе) мәліметтер кедендік декларация тіркелген күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде ұсынылмаса – осындай мерзім аяқталған күннен бастап аяқтайды.

 

  1. Кедендік құны бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру қандай жағдайларда жүргізіледі?

Тазарту кезеңінде кедендік құн бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдары негізінде ғана, яғни кедендік құнды анық емес декларациялау белгілері болған кезде жүргізілуі мүмкін.

№42 шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері туралы ереженің 5-тармағына сәйкес, атап айтқанда, мынадай мән-жайлар:

а) әкелінетін тауарлардың кедендік құнына әсер ететін және бір құжатта қамтылған мәліметтердің сол құжатта қамтылған өзге де мәліметтерге, сондай-ақ өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеуін анықтау;

б) оларды әкелудің салыстырмалы шарттары кезінде бірдей немесе біртекті тауарлардың бағасымен салыстырғанда әкелінетін тауарлардың неғұрлым төмен бағасын анықтау;

в) биржалық баға белгілеулер, биржалық индекстер, аукцион бағалары туралы ақпаратқа, баға каталогтарынан алынған ақпаратқа сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың бағасымен салыстырғанда әкелінетін тауарлардың неғұрлым төмен бағасын анықтау;

г) әкелінетін тауарлар өндірілген (тұратын) компоненттердің (оның ішінде шикізат) бағасымен салыстырғанда әкелінетін тауарлардың неғұрлым төмен бағасын анықтау;

д) сатуды және сатып алуды тәуелсіз сатушы мен сатып алушы жүзеге асырған бірдей немесе біртекті тауарлардың бағасымен салыстырғанда әкелінетін тауарлардың неғұрлым төмен бағасымен ұштастыра отырып, әкелінетін тауарларды сатушы мен сатып алушының өзара байланысының болуы;

е) әкелінетін тауарлардың кедендік құнының құрылымы сақталмады деп пайымдауға негіздердің болуы (мысалы, әкелінетін тауарлар үшін іс-жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер, әкелінетін тауарларды тасымалдауға (тасуға) арналған шығыстар, сақтандыруға арналған шығыстар қосылмаған не толық көлемде қосылмаған және т.б.) тауарлардың кедендік құнын анық емес айқындау белгілері болып табылады.

 

  1. Қандай жағдайларда кедендік құны бойынша құжаттар мен мәліметтерді тексеру жүргізілмейді?

№42 шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері туралы ереженің 6-тармағына сәйкес, егер бұл тауарлар бұрын өздеріне ұқсас тауарлар әкелінген сыртқы экономикалық шарт (келісімшарт) шеңберінде әкелінген жағдайда, бір мезгілде мынадай:

а) әкелінетін тауарлар мен бұрын әкелінген тауарлар бірдей болып табылатын, мәміленің өзгермейтін талаптары (оның ішінде тауарлардың бағасы мен оларды жеткізу шарттарына қатысты) кезінде бір сыртқы экономикалық шарт шеңберінде әкелу;

б) әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу кезінде бұрын әкелінген бірдей тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізу кезіндегідей мән-жайлардың анықталу;

в) бұрын әкелінген бірдей тауарларға қатысты:

тауарлардың кедендік құны әкелінетін тауарлармен мәміле құны бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі бойынша айқындалған (1-әдіс);

тауарлардың кедендік құнын бақылау нәтижелері бойынша тексерілетін мәліметтердің анықтығы және (немесе) толықтығын растау;

д) әкелінетін тауарларға қатысты "09031" коды бар тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында бұрын әкелінген бірдей тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін мәлімдеу, олар бойынша ҚМТ жүргізу және 1-әдіс қабылдау;

е) бұрын әкелінген бірдей тауарлар шығарылған күннен бастап, ал егер бірдей тауарлар ЕАЭО КК-нің 121-бабына сәйкес шығарылған болса, мерзімі декларантқа ЕАЭО КК 325-бабының 19-тармағына сәйкес кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді аяқтау туралы және кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) мүмкіндігі туралы ақпаратты әкелінетін тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны тіркеу күніне дейін жіберген күннен бастап тәуекелдерді басқару жүйесін қолданумен айқындалатын мерзімнен аспау (бірақ  күнтізбелік 180күннен аспайды) шарттары сақталған жағдайда жүргізілмейді.

Осылайша, тауарларға арналған декларацияны беру кезінде декларант міндетті түрде "09031" коды бар тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында бұрын әкелінген ҚМТ жүргізілген және 1-әдіс қабылданған бірдей тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін көрсетуі тиіс.

Барлық шарттар бір мезгілде сақталған кезде кеден органы кедендік құн бойынша ҚМТ жүргізбейді және декларация шығарады.

44-бағанда "09031" коды бойынша мәліметтер болмаған кезде Кеден АЖ ТБЖ ұсынымдары болған кезде кеден органы ҚМТ жүргізеді.

___________________________________________________

 

түсіндіру
Дата публикации
09 апреля 2026