ШЕШІМ
|
2024 жылғы «2» желтоқсан |
№ 137 |
Мәскеу қаласы |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 83 шешімінің 1-тармағына өзгерістер енгізу туралы
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 17-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы «Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде қосымша есепке жазуды есептеу туралы» № 83 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) бесінші абзацта:
«кедендік әкелу бажының ең жоғары адвалорлық ставкасы қолданылатын» деген сөздер «кедендік әкелу бажының ең жоғары адвалорлық ставка (аралас мөлшерлеменің адвалорлық құрамдас бөлігі) негізінде төленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кедендік әкелу бажының неғұрлым жоғары адвалорлық ставкасы қолданылатын» деген сөздер «кедендік әкелу бажының неғұрлым адвалорлық ставка (аралас мөлшерлеменің адвалорлық құрамдас бөлігі) негізінде төленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бесінші абзацының ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 6-тармақшасында көзделген қосымша есептерге қатысты да қолданылады.».
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |