«Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 786 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
аталған бұйрықпен бекітілген Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың тізбесінде:
реттік нөмірі 209-жолда орыс тілінде өзгеріс еңгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады.
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев