Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне валюталық операциялар бойынша ақпарат пен мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Бірлескен Бұйрық

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне валюталық операциялар бойынша ақпарат пен мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 53-бабының 4-тармағына сәйкес өзара іс-қимылды, оның ішінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес валюталық операциялар бойынша ақпарат пен мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына 50 000 Америка Құрама Штаты долларынан асатын сомадағы валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №1090 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 527 бірлескен бұйрығы жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

         _____________ М.Т. Такиев

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Төрағасы

 

_____________ Т.М. Сүлейменов

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне валюталық операциялар бойынша ақпарат пен мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы Бірлескен Бұйрық
Дата публикации
25 декабря 2025