Мемлекеттік кірістер органдарының ірі салық төлеушілер мониторингі мәселелері бойынша шешімдерінің нысанын бекіту туралы

Мемлекеттік кірістер органдарының ірі салық төлеушілер мониторингі мәселелері бойынша шешімдерінің нысанын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне және 145-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мына:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушының құжаттарды, түсіндірмелерді және  қаржылық есептілікті ұсыну туралы талап нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері бойынша ұсыным нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша уәжді шешім нысаны бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

 

М. Такиев

 

Нормативтік құқықтық акті 06.10.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 37068 болып енгізілді

Мемлекеттік кірістер органдарының ірі салық төлеушілер мониторингі мәселелері бойынша шешімдерінің нысанын бекіту туралы
Дата публикации
08 октября 2025