Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 520 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 қыркүйекте № 36900 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы
4-тармағының төртінші бөлігіне, 146-бабы 2-тармағының төртінші және алтыншы бөлігіне, 147-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне, 2-тармағының екінші және төртінші бөлігіне, 148-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төмен талаптар (одан әрі – Ең төмен талаптар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің жəне салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптар;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтініш беру және оны қарау қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу қағидалары;
6) осы бұйрыққа6-қосымшағасәйкесДеңгейлесмониторингжүргізуқағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөніндегі деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторингке қатысушының түсіндірмесімен келісу туралы хабарлама нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес қосымша талқылаулардың нәтижелері бойынша келіспеушілік хаттамасының нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг жүргізуді қайта бастау туралы хабарлама нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг бойынша уәжді шешім нысаны бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін
Ең төмен талаптардың 7-тармағының бірінші бөлігін және 14-тармағының
5) және 6) тармақшасын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.