Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің құрамын және оның қызметі туралы
ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйегінде № 512 бұйрығы.
БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңес туралы ереже бекітілсін.
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі М. Такиев