«Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімге қол қою туралы» 2024 жылғы 29 қарашадағы № 719 Жарлығына сәйкес әзірленді.. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың бірыңғай транзиттік декларация нысанын электрондық құжат түрінде қолдану, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауды бірыңғай қамтамасыз етуді пайдалану, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша бүкіл жүру жолында кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасу) тауарларды тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану мүмкіндігін айқындайтын Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді (бұдан әрі – КТБЖ туралы келісім) ратификациялау көзделеді |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Заң жобасын әзірлеудің мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімге қол қою туралы» 2024 жылғы 29 қарашадағы № 719 Жарлығына сәйкес келтіру және оны транзиттік көлік дәліздерінің тартымдылығын арттыру үшін қолдану болып табылады. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімге қол қою туралы» 2024 жылғы 29 қарашадағы № 719 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында аталған НҚА жобасы әзірленді, осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдары жоқ. |