«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің _________ № _____ бұйрығының жобасы

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына толықтыру енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің _________ № _____ бұйрығының жобасы

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

«Темекi бұйымдарының өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-3) тармақшасына сәйкес уәкiлеттi органның құзыретiне темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды қадағалау тәртібін айқындау жатады.

Осыған байланысты, қатысушылардың темекі бұйымдарын айналымнан алу үшін сәйкестендіру құралы арқылы темекі өнімдерінің таңбалануын және толық қадағалануын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған процесті автоматтандыруға, сондай-ақ бөлшек сауда да өткізушілер үшін заңнама талаптарының сақталуын оңайлатуға мүміндік беретін түзету ұсынылады.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Тауарды таңбалаудың міндетті сәйкестендіргіші болған жағдайда операцияларды ресімдеуге жол бермеуді көздейтін таңбаланған өнімдердің штрих-кодын сканерлеу және тану кезінде операциялардың жүргізілуін бақылауды қамтамасыз ету.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Осыған байланысты, қатысушылардың темекі бұйымдарын айналымнан алу үшін сәйкестендіру құралы арқылы темекі өнімдерінің таңбалануын және толық қадағалануын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда аталған процесті автоматтандыруға, сондай-ақ бөлшек сауда да өткізушілер үшін заңнама талаптарының сақталуын оңайлатуға мүміндік беретін түзету ұсынылады.

Сонымен қатар, таңбаланған тауарларды толық қадағалау нарыққа заңсыз өнімдердің түсу тәуекелін азайтады және нарықтың барлық қатысушысына бірдей жағдай жасайды.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Осы НҚА жобасы қатысушылардың темекі бұйымдарын айналымнан алу үшін сәйкестендіру құралы арқылы темекі өнімдерінің таңбалануын және толық қадағалануын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында (жоғарыда аталған процесті автоматтандыруға мүміндік беретін түзету ұсынылады), сондай-ақ бөлшек сауда да өткізушілер үшін заңнама талаптарының сақталуын оңайлатуға әзірленген, осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарлар жоқ.

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15521569

 

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің _________ № _____ бұйрығының жобасы
Дата публикации
29 апреля 2025