БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.