«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің бұйрығына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы
7 наурыздағы № 11-05/07-1356, 2024 жылғы 18 наурыздағы жіктеуіштер бойынша чектерге және электрондық шот-фактураларға Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы кодтарын (бұдан әрі - СЭҚ ТН) немесе Тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтің біріңғай номенклатуралар анықтамасын (бұдан әрі - ТЖҚ БНА) енгізу қажеттілігін нормативтік бекітуге қатысты және «Бақылау-кассалық машиналарын есепке қою және шығару» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде тиісті ақпаратты (мекенжай, геолокация, телефон нөмірі) ұсыну талаптарын енгізу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы өкіміне сәйкес әзірленді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаның мақсаты жіктеуіштер бойынша чектерге және электрондық шот-фактураларға СЭҚ ТН кодтарын немесе ТЖҚ БНА енгізу қажеттілігін нормативтік бекітуге қатысты және «Бақылау-кассалық машиналарын есепке қою және шығару» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде тиісті ақпаратты (мекенжай, геолокация, телефон нөмірі) ұсыну талаптарын енгізу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.