«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 866 |
|
бұйрыққа қосымша
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 194 бұйрығымен
бекітілген
Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын
халықаралық іскерлік операциялардың тізбесі
|
Р/с № |
Халықаралық іскерлік операциялар |
|
|
I |
Мыналарға байланысты операциялар: |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
|
1. |
Мұнай және мұнай өнімдері: |
|
|
1.1. |
Шикі мұнай |
2709 00 900 |
|
1.2. |
Газ конденсаты |
2709 00 100 |
|
1.3. |
Жеңіл дистилляттар (бензин) |
2710 12, |
|
1.4. |
Ауыр дистилляттар (газойлдер) |
2710 19 310 0, |
|
1.5. |
Ауыр дистилляттар (мазут) |
2710 19 620 1 - 2710 19 680 9, |
|
2. |
Мұнай газдары: |
|
|
2.1. |
Сұйытылған газ |
2711 11 000 0 — 2711 19 000 0 |
|
2.2. |
Табиғи газ |
2711 21 000 0 |
|
3. |
Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлері |
2701 |
|
4. |
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір |
2702 |
|
5. |
Сутек, инертті газдар және басқа металл еместер |
2804 |
|
6. |
Циклдік көмірсутектер |
2902 |
|
7. |
Бастапқы нысандардағы этиленнiң полимерлерi |
3901 |
|
8. |
Бастапқы нысандардағы пропилен немесе өзге де олефиндердiң полимерлерi |
3902 |
|
9. |
Мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт |
2503 00 |
|
10. |
Түсті металдар: |
|
|
10.1. |
Мыс |
7402 00 000 0, |
|
10.2. |
Қорғасын |
7801 10 000 0 - 7801 99 900 0 |
|
10.3. |
Мырыш |
7901 11 000 0 - 7901 20 000 0 |
|
10.4. |
Өңделмеген алюминий |
7601 |
|
10.5. |
Алюминий сым |
7605 |
|
10.6. |
Тантал және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар |
8103 |
|
10.7. |
Магний және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар |
8104 |
|
10.8. |
Титан және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар |
8108 |
|
11. |
Өзге де бағалы емес металдар: |
|
|
11.1. |
Бериллий, хром, гафний, рений, таллий, кадмий, германий, ванадий, галлий, индий және ниобий (колумбий) және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, олардан жасалатын бұйымдар |
8112 |
|
12. |
Қара металдар: |
|
|
12.1. |
Қара металдар |
7204, 7205, 7214 — 7217 |
|
12.2. |
Ферроқорытпалар |
7202 |
|
12.3. |
Темір немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар |
7207 |
|
12.4. |
Темір немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек |
7208-7212 |
|
12.5. |
Коррозияға төзімді болаттан жасалған тегіс илек |
7219-7220 |
|
13. |
Бағалы металдар: |
|
|
13.1. |
Алтын |
7108 11 000 0, |
|
13.2. |
Күміс |
7106 10 000 0, |
|
14. |
Рудалар мен концентраттар: |
|
|
14.1. |
Темір |
2601 |
|
14.2. |
Марганец |
2602 00 000 0 |
|
14.3. |
Хром |
2610 00 000 0 |
|
14.4. |
Қорғасын |
2607 00 000 |
|
14.5. |
Мырыш |
2608 00 000 0 |
|
14.6. |
Мыс |
2603 00 000 0 |
|
14.7. |
Бағалы металдардың кендері мен концентраттары |
2616 |
|
15. |
Сирек жер металдары |
- |
|
16. |
Органикалық емес химия өнімдері: |
|
|
16.1. |
Белгiленген немесе белгiленбеген химиялық құрамның жасанды корунды; алюминий оксидi; алюминий гидроксидi |
2818 |
|
16.2. |
Хром оксидтері мен гидроксидтері |
2819 |
|
16.3. |
Химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді және изотоптарды шығаратын қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдер бар қосындылар мен қалдықтар |
2844 |
|
17. |
Бидай және меслин |
1001 |
|
18. |
Мақта: |
|
|
18.1. |
Мақта талшығы |
5201 00 100 0, |
|
19. |
Қант |
1701 |
|
20. |
Күріш |
1006 |
|
21. |
Арпа |
1003 |
|
22. |
Бидай немесе бидай-қара бидай ұны |
1101 00 |
|
23. |
Тұқымдар: |
|
|
23.1. |
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған зығыр тұқымдары |
1204 00 |
|
23.2. |
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары |
1206 00 |
|
24. |
Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майы және олардың фракциялары |
1512 |
|
25. |
Табиғи кальций фосфаты, табиғи алюминий-кальций фосфаты және фосфатты бор |
2510 |
|
26. |
Екi немесе үш қоректi элементтерден: азоттан, фосфордан және калийден тұратын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар; өзге де тыңайтқыштар; брутто-массасы 10 кг-нан аспайтын осы топтың таблеткадағы немесе ұқсас нысандағы немесе орамдардағы тауарлары |
3105 |
|
27. |
Битуминозды жыныстардан алынған мұнай коксы, мұнай битумы және мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар |
2713 |
|
28. |
Скандий қосылыстары |
2846 90 300 0 |
|
II |
Өзге де халықаралық іскерлік операциялар |
|
|
29. |
Қарыздар (берілген/алынған) |
|
|
30. |
Құрылыс жұмыстары |
|
|
31. |
Жабдықтарды монтаждау |
|
|
32. |
Маркетингтік қызметтер |
|
|
33. |
Экспедиторлық қызметтер |
|
Аббревиатуралардың ашып жазылуы:
Р/с - Рет санының нөмірі;
ЕАЭО СЭҚ ТН коды – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды.