Үкімет қаулысының жобасы
«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Халықаралық көлік-логистикалық орталығы (Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі, Атамекен ауылы, 87-есептік квартал, 27-ғимарат): тауарларды қайта тиеу қоймасымен ғимарат, кадастрлық нөмірлері 03:262:087:025, 03:262:087:026, 03:262:087:027 жер учаскелері, бастырма, қойма, бақылау-өткізу пунктінің бекеті.».
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |