«Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

ҚР ҚМ мен ҚР КМ бірлескен бұйрығының жобасы

«Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. «Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16699 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

         Көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларында:

60-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер тауар бөлшектеп әкетілсе не толығымен әкетілмесе ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес («Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифын бекіту туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің кейбір шешімдерін өзгерту және күшін жою туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Шешімі қосымша) негізгі және/немесе қосымша өлшем бірліктерінде әкетілген тауарлардың мөлшерін және тауарлар іс жүзінде әкетілген күнді көрсетіп «Тауар мөлшерде әкетілді» деген мөртабан қойылады.»

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы қаржы және көлік министрліктерінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы қаржы және көлік вице-министрлеріне жүктелсін.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

ТАӘ

 

Лауазымы

 

ТАӘ

 

 

бұйрығының жобасы
Дата публикации
31 октября 2024