«Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
    24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын толтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мәмілеге қатысушылардың трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептіліктің нысанын (бұдан әрі – Есептілік) толтыру тәртібін айқындайды.»;

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Жергілікті субъект – Заңның 7-1-бабына сәйкес жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген мәміле қатысушысы.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Есептілік мемлекеттік кірістер органдарының салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін мемлекеттік кірістер органдары жүйесінің Есептілікті қабылдауы туралы хабарламамен электронды түрде ұсынылады және электрондық цифрлық қолмен куәландырылады.

Бағдарламалық қамтамасыз ету болмаған не мемлекеттік кірістер органының бағдарламалық қамтамасыз етуінде техникалық ақаулықтар анықталған кезде мәмілеге қатысушы азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы немесе электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы Есептілікті электрондық түрде ұсынады.

Есептілікті электрондық түрде ұсыну мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы мемлекеттік кірістер органына бұл туралы куәландыратын құжаттарды ұсынады және Есептілікті қағаз жеткізгіште толтыра отырып, оны электрондық жеткізгіштегі көшірмелерімен қоса:

1) пошта арқылы пошта байланыс ұйымының алғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен;

2) келу тәртібінде 2 (екі) данада қағаз тасымалдағышында ұсынады, оның 1 (біреуі) мемлекеттік кірістер органдарының қабылдау туралы белгісімен мәмілеге қатысушыға қайтарылады.»;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілген трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және                2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі Ұлттық

статистика бюросы

2024 жылғы «__» __________

ҚР ҚМ бұйрығы
Дата публикации
09 октября 2024