ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
«Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен кірісті айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының 100 пайызға төмендеуі қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету Қағидаларында:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық Кодексі) 293-бабының 4-3-тармағына және 709-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне және арнайы экономикалық аймаққа (бұдан әрі – АЭА) қатысушыларының есептелген корпоративтік табыс салығының (бұдан әрі – КТС) сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын, зияткерлік меншік объектілерінен және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсетуден түсетін кірісін айқындау тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«2) арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметтің басым түрлері – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы «Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 34030), арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері.».
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз ету.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыштық
өнеркәсіп министрлігі